Тұп-тура 142 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедұлы өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақ халқының тағдыры таразыға түскен алмағайып заманда Халел Досмұхамедұлы ұлтының жарқын болашағы жолында қажырлы еңбек етті. Ол медицина саласында ғана емес, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, этнография және педагогика салаларында да өлшеусіз мұра қалдырды.
Халел Досмұхамедұлының есімі Алаш идеясымен тығыз байланысты. Ол ұлттық мемлекеттілік пен білім беру ісін жаңғыртуға, халықтың денсаулығын сақтау жүйесін жетілдіруге ерекше мән берді. Оның бастамасымен алғашқылардың бірі болып қазақ тіліндегі медициналық терминология қалыптаса бастады.